USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Бакуде қазақстандық экономисттің 80 жылдығына арналған конференция өтті

  • 78
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Бакуде қазақстандық экономисттің 80 жылдығына арналған конференция өтті

Бакуде қазақстандық экономист әрі профессор Сайлау Байзақовтың 80 жылдығына арналған конференция өтті.

Онда Қазақстан және Әзербайжан ғалымдары экономиканы дамытудағы инновацияның маңызын талқылады. Алқалы жиынға елімізден Экономикалық зерттеулер институты мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының қызметкерлері қатысты. Басқосуда жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы Қазақстанның экономикалық нарығын дамытудың ұзақмерзімді мақсаты мен елімізде бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы айтылды. Сондай-ақ инновация негізінде өнеркәсіптік аймақ құру мәселесі де тілге тиек етілді. Ғалымдардың пікірінше, бұл экономиканы әртараптандыру үшін қажетті факторлардың бірі.

Сайлау Байзақов, экономист:

Экономиканың заман талабына сай дамуы үшін инновациялар қажет. Экономика тек нарық пен ақшаға ғана тәуелді емес. Мұнда адамдардың ойлау қабілетінің маңызы зор. Осы ретте Әзербайжан мен Қазақстан сарапшыларының ойы бір жерден шығып отыр.

Ниязи Сафаров, Әзербайжан Экономика министрінің орынбасары: 

– Импорт алмастыруды қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілікті арттырып, экономиканы әртараптандыру үшін өнеркәсіптік аймақ құру қажет. Мұның бәріне мемлекеттік қолдау көрсетілсе, инновациялық кәсіпкерлік саласын жасақтауға болады. Осы ретте университеттер, ғалымдар мен кәсіпкерлердің рөлі ерекше.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top