369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылорда облысында жаңа кәсіпорындар ашылды

  • 773
  • UPD: 12:08, 13.12.2017

Егемен еліміздің елеулі мерекесі қарсаңында Қызылорда облысында жаңа кәсіпорындар жұмысын бастады. Олардың қатарында әк, асфальт-бетон және шыны-пластикалық құбырлар шығаратын зауыттар бар. Таяуда өңірдің өндіріс саласы тағы бірнеше кәсіпорынмен толығады. Заманауи өндіріс ошақтарының бағыт-бағдары мен әлеуеті қандай?

Қамбар Бекенов, тілші: 

- Тәуелсіздіктің туы тігілген мереке қарсаңында облыс орталығы Қызылорда қаласында 2 өндірістік нысан өз жұмысын бастайды. Соның бірі қазір біз тұрған ет комбинаты. Бордақылау алаңы мен мал сою цехы бар кешенде 15 жұмыс орны ашылады. 

Аумағы 5 гектарды құрайтын алаңда мың жарым ірі қара бордақыланбақ. Мал азығын сақтау қоймасы мен арнайы зертхана агроталаптарға сай салынған. Мұнда ауысымына 50 бас түлік сойылады. Жалпы жобаның құны 381 млн теңге, оның 138 миллионы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан тартылған инвестиция. 

Әділжан Ізтілеуов, ЖШС директоры: 

- Бүгін сонымен қатар шыны-пластикалық құбырлар шығаратын зауыт та алғашқы өнімін нарыққа ұсынды. Кәсіпорын жылына 120 мың метр өнім өндіріп, ішкі сұранысты толық қанағаттандыруды жоспарлап отыр. Айта кетсек, бұл құбырлардың 90% өңірге Ресей мен Қытайдан тасымалданатын. Шыны-пластикалық бұйымдардың негізгі қолданушылары мұнай-газ компаниялары. Отандық тауардың бағасы да шетелдік өнімдерден арзанырақ болмақ. 

Сондай-ақ ұлық мереке қарсаңында Арал ауданында асфальт-бетон зауытының тұсауы кесілсе, ал жаңақорғандық кәсіпкерлер әк шығару нысанын іске қоспақ.

Хабар 24 телеарнасы