Қазақстан қор биржасы 2017 жылды қорытындылады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Қазақстан қор биржасы 2017 жылды қорытындылады

Қазақстан қор биржасы 2017 жылды қорытындылады

2017 жылы Қазақстан қор биржасында жасалған сауда-саттық көлемі 150 триллион теңгеден асқан.

Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 60,3 пайызға көп. Сарапшылар мұны «Қазақстан қор биржасы тарихындағы рекордты көрсеткіш» деп отыр. Сондай-ақ, акция нарығының капиталдануы бір жыл ішінде 20 пайызға, яғни 17 триллион теңгеге өскен. Мамандар мұның да қомақты табыс екенін айтып отыр. Мұндай жетістікке жетуге экономикадағы өсім, инфляция деңгейінің төмендеуі және жыл бойы базалық мөлшерлемені азайтып келген Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының септігі тиген. Осылайша, компаниялардың қор нарығына шығуына қолайлы жағдайлар жасалып отыр.  

Алина Алдамберген, Қазақстан қор бижрасының басқарма төрайымы:

- Алғашқы және екінші акция нарығы өсіп отыр. Акция нарығының капиталдануында да өсім байқалады. Корпоративті облигациялар нарығында 37 жаңа листинг жасалды. Биржаға шығарылған ация көлемі де артты. Оған банк секторын қаржылай қолдау бағдарламасының  оң ықпал еткенін айта кету керек.

Сондай-ақ биржада 12 триллион 300 миллиард теңгеге шетел валютасы саудаланған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 17,6 пайызға көп. Барлық келісім-шарттардың 98 пайызы АҚШ долларының еншісінде. Сарапшылардың айтуынша, өткен жылы бір АҚШ долларының құны 310-345 теңге аралығында болған.

Андрей Цалюк, Қазақстан қор бижрасының Басқарма төрайымының орынбасары:

- Жыл қорытындысы бойынша теңге 0,3 пайызға нығайды. Демек ұлттық валютаның тұрақтылығы туралы айтуға болады. Осының арқасында инвесторлардың теңгедегі құралдарға деген қызығушылығы сақталып отыр. Осы үрдіс құнды қағаздар нарығында да байқалады. Бұл өте маңызды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде