Сенатта ЕАЭО елдерінің импорттық тауарын реттейтін заң жобасы талқыға түсті - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Сенатта ЕАЭО елдерінің импорттық тауарын реттейтін заң жобасы талқыға түсті

Сенатта ЕАЭО елдерінің импорттық тауарын реттейтін заң жобасы талқыға түсті

Еуразиялық экономикалық одағына жаңа ел қосылса, нормативтік құжаттар қайта қаралады.

Бүгін Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Қырғызстанның одаққа енуіне байланысты импорттық тауарға қолданылатын нормативтерді реттейтін заң жобасын талқылады. Заңнаманы қайта қарау – Армения ұсынысы. Ортақ нарыққа жаңа ел қосылса немесе Одаққа мүше мемлекеттер өзге халықаралық ұйымдарға енсе, тауар нарығы өзгереді. Сондықтан сапаға талапты күшейту керек. Әуелде импорттық тауар тізімі небары 400 ғана болған, бүгінде бұл көрсеткіш 3500-ге жетті.

Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Бұл Одақ құрылған кезде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген жоқ болатын, соған кіруіне байланысты бізде қазір импорт көбейеді. Импортың көлемі де, сапасы да жақсарады. Еуразиялық одақ мүшелері қай елде болмасын, кірген тауарларды басқа елге де сол бағамен жеткізеді. Негізгі қағидалары осы.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде