Елімізде кәсіпкерлік тексерістер азайтылады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Елімізде кәсіпкерлік тексерістер азайтылады

Елімізде кәсіпкерлік тексерістер азайтылады

Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру жөніндегі заңнамаға осындай өзгертулер енгізу көзделіп отыр.

Құжат бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қаралып жатыр. Бүгін жалпы отырыста Xалықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып депутат Мұxтар Ерман сайланды. Бұл қызметті бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев атқарды. Сондай-ақ кеше ғана Орталық сайлау комиссиясы депутат ретінде тіркеген Дарxан Мыңбай Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды.

Заң жобасына енгізілетін басты жаңалық алдын ала бақылауды енгізу болып табылады. Ол үшін 114 бақылау саласының 25-ін қысқарту көзделіп отыр. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұл бақылау шаралары тиімсіз. 18 қадағалау саласының үшеуін жою қарастырылып отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін тексеру талаптарын қысқарту ұсынылды. Осы сынды шараларды іске асыру нәтижесінде тексерулердің жалпы саны 30%-ға қысқартылады. Демек бизнес шығындары азая түседі деген сөз. Әрі бизнесті оңай жүргізу бойынша «Doing Business» рейтингінде еліміз 30-орынға көтеріледі. Қазір Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 36-орында тұр.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Хабар 24 әлеуметтік желілерде