«ҚазТрансОйл» өз акционерлеріне рекордтық сомада дивиденд төледі - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 361,07

EUR 409,95

РУБ 5.43

«ҚазТрансОйл» өз акционерлеріне рекордтық сомада дивиденд төледі

«ҚазТрансОйл» өз акционерлеріне рекордтық сомада дивиденд төледі

Еліміздің магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы «ҚазТрансОйл» компаниясы өз акционерлеріне рекордтық сомадағы дивиденд төлейді.

Бұл – акционерлік қоғамның осы уақытқа дейінгі Қазақстан қор биржасындағы акциялары үшін ең ауқымды сома. Бұл туралы компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2012 жылы мемлекеттік компаниялардан алғашқы болып «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысты. Ол кезде  акциялардың 10%-ы орналастырылды. Содан бері компания үнемі жоғары мөлшерде пайда тауып келеді. Биыл акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімге сәйкес, дивиденд төлеуге 61 млрд 500 млн теңге жұмсалады.

Димаш Досанов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры:

- Біз бүгін 2017 жылды қорытындыладық. Нәтижесі ойдағыдай. 2016 жылмен салыстырғанда көрсеткіштер жоғарылады. Былтыр біз сол мерзім үшін рекордтық сома 59,7 млрд теңге төледік.

Азаматтар сатып алған акцияның санына сәйкес дивиденд алады. Бір  акция 160 теңге тұрады. Салыстырмалы түрде айтайық, өткен жылы компания акционерлерге 59 млрд 600 млн теңге төледі. Бір акция 155 теңгеге бағаланды.

Димаш Досанов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры:

- Осы жылдың 1 сәуірінен бастап біз экспорттық тарифті 10%-ға көтердік, Ресей мұнайының транзитіне тарифті жоғарылаттық. Сонымен қатар ТОН-2 участогіне қосымша жүк тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Компанияның өндірісі мен қаржылық жетістіктерінің нәтижесінде жоғары дивидендтер жасалды. Бүгінгі таңда «ҚазТрансОйл» еліміздегі  мұнай өңдеу зауыттарының мұнайға деген сұранысының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді. Экспорт 5 бағыт бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ Ресей мұнайын Қытай мен Өзбекстанға тасымалдайды.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Ермек Кеншімбек

Хабар 24 әлеуметтік желілерде