USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

Ақмола облысында экспорттаушы кәсіпорындар қатары артып келеді

Ақмола облысында экспорттаушы кәсіпорындар қатары артып келеді

Ақмола облысында экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындар қатары көбейіп келеді. Қазір аймақта шет елдермен сауда байланысын орнатқан 80-ге жуық өндіріс ошағы бар.

Осы жылдың алғашқы тоқсанында 106 млн АҚШ долларының өнімдері шекара асқан. Бұл, өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға көп. Өңірде әсіресе, бидай, ұн, ет және сүт секілді ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару бір жолға қойылған. Ал ТМД елдерінің қызығушылығын тудырған полиэтилен қапшықтары мен дөңгелек жабдықтары солтүстік аймақта тек Ақмола облысында шығарылады. Сондықтан бұл өнімдердің де экспорты тұрақты. Жалпы жыл басынан бері облыс кәсіпорындары 200 млрд теңгеге жуық өнеркәсіп өнімдерін өндірген.

Самат Сәниев, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы

- Біз өнімдерімізді негізінен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттаймыз. Еуропа елдерінен Польшаға да өнім жөнелтіп тұрамыз. Ал ақмолалық ұнның негізгі тұтынушысы Ауғанстан. Ол жаққа облыста шығарылған ұнның  40 пайызы жіберіледі. Тәжікстан, Түркменстан және Пәкістанға тауық жұмыртқасы мен минералды сулар саудаланады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде