359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Қазақстан басшысы экономиканың жалпы цифрландырылуына үнемі көңіл бөледі

  • 174

Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшыларының саммитінде бірлескен заманауи өндірісті дамытып, электронды сауданы кеңейту үшін ортақ платформа құру қажеттігін ұсынды.

Және цифрландыру және жаңа технологиялар саласында тәжірибе алмасатын алаң қалыптастыру идеясын ортаға салды. «Бұл Еуразия құрлығының 60 пайызын алатын ұйым өзінің алып нарығын тиімді пайдалануы керек дейді», – сарапшы Сунь Ли.

Сунь Ли, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институты директорының орынбасары:

– Қазақстан басшысы үнемі экономиканың жалпы цифрландырылуына көңіл бөліп келеді. Жыл басындағы өзінің халыққа Жолдауында да осы саланы ерекше атап өткен болатын. Өйткені қазір әлемнің дамыған елдері экономикасын цифрлы жүйеге көшіруге тырысып жатыр. Оның үстіне Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жасаған мемлекеттік сапарында Төраға Си екеуі маңызды құжаттарға қол қойды. Соның ішінде екі ел арасындағы электронды сауда әріптестігін арттыру да қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы