361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Атамекен» ҰКП бес жылда 111 млрд теңгеден астам қаржының меншіктік құқығын қорғады

  • 99

Бес жыл ішінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнес өкілдерінен 23 мыңдай өтініш  түскен.

Олардың 40 пайызы оң  шешімін тауып, 111 миллиард теңгеден астам қаржының меншіктік құқығы қорғалыпты. Палата мемлекеттік органдар саласында бақылау және қадағалау бойынша екі ауқымды реформаны жүзеге асырды. Соңғы реформа аясында мемлекеттік органдардың 540 қызметінің 137-і алынып тасталды. Талаптардың саны 56%-ға азайды.  Қылмыстық кодекстен «жалған кәсіпкерлік» бабы алынып тасталды. Бүгін Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев Павлдодардың кәсіпкерлерімен кездесіп, басым бағыттарға тоқталды. Өңір дамуының негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін енгізу болып табылады. Аймақта жалпы сомасы 32  млрд теңгені құрайтын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 64 жобаның  тізімі жасалыпты. Шағын кәсіпкерлікті несиелендіруде «Бастау» бағдарламасы  бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

Жігер Әзбергенов, «Атамекен» ҰКП ресми өкілі: 

- Былтыр 15 мың адам осы «Бастау» жобасымен білім алды және 3 мыңнан астам адам өзінің бизнес жоспарын қорғап оны қаржыландыруға, өз ісін ашуға мүмкіндік алған болатын. Бұл дегеніңіз сол адам тек өзін ғана  жұмыспен қамтамасыз етіп жатқан жоқ. Ол өзінің отбасын және ауылдастарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы