353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты артты

  • 191

Соңғы үш айда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 47 пайызға артты.

Салаға құйылған инвестиция көлемі 1,4 пайызға өсіп, 88 миллиард теңгені құрады. Мұндай мәлімдемені ведомство басшысы Өмірзақ Шөкеев тұрғындармен есептік кездесуі барысында атап өтті. Дегенмен ақсап жатқан тұстары да жоқ емес. Мәселен өткен жылы ұн мен бидай экспорты айтарлықтай азайып кеткен. Бұл өнімдер халықаралық бәсекеге төтеп бере алмауда. Оның үстіне көршілеріміз Қытай, Ресей, Өзбекстан елдері аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамыту үшін шаруаларына барынша жағдай жасаған. Өзбекстан ауыл шаруашылығы техникасын 2 пайызбен лизингке береді. Ал Қазақстанда бұл 14 пайыз. Сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтан босату мәселесі тағы бар. Оған жыл сайын бізде дәнді себу мен жинау маусымында жанармай бағасының шарықтап кететінін қосыңыз. Осының бәрі тауардың өзіндік құнына үлкен әсер етіп, жергілікті шаруаларға қолбайлау болып отыр.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі:

- Жанар-жағармайды алып келетін компания олар да жекеменшік. Біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндіретін олар да жекеменшік. Екі жекеменшік компания бір-біріне түсінікті ақысын жібергісі келмейді. Олар сұрақты былай қояды. Біз нарық заманында жұмыс істеп жатқан компаниялармыз «неге біздің есебімізден сіздер басқа жекеменшік компанияға арзандатылған бағамен жанармайды бергілеріңіз келеді» деп. Олай болатын болса арнайы қаржы бөліп, үкіметтен сол айырмашылықты төлеңіздер дейді.

Хабар 24 телеарнасы