352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің ұлттық экономика министрі халық алдында есеп берді

  • 206

Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға артып, инфляция деңгейі 7,1 пайызға дейін төмендеді.

Индустриаландыру картасы бойынша 10 мың адам жұмыспен қамтылса, «Нұрлы жол» бағдаламасы шеңберінде 4 мың шақырым тас жол жөндеуден өткен. Ұлттық экономика министрі бүгін халық алдында есеп беріп, осындай жұмыс нәтижесімен бөлісті.   

Мәншүк Мақсұтқызы, тілші:

- Министрдің баяндамасынан түсінгеніміз ұлттық эконоимиканың әл-ауқаты жаман емес. Оған бірнеше сандар дәлел. Өзіңіз келтірген деректерден бөлек, өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар да нәтижелі жүзеге асқан. Мысалы, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 100 мың отбасы қоныс тойын тойлаған. Бизнестің жол картасы бағдарламасы шеңберінде 192 мың кәсіпкер қолдау көрді. 315 мың адам екі қолға бір күрек тапқан. Макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығына тікелей жауап беретін құзырлы органның осы тектес оң нәтижелері аз емес.

Хабар 24 телеарнасы