USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Қазақстанда импорт көлемі азаяды

Қазақстанда импорт көлемі азаяды

«Самұрық-Қазына» мен «Атамекен» ұлттық палатасы жүздеген жаңа өндіріс орнының ашылуына сеп болмақ.

Осы мақсатта ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Инвестициялар және даму министрлігі мен қор арасында келісім жасалды. Құжат негізінде жобалық кеңес құрылады. «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі» атты форумда басқарма төрағасы Ахметжан Есімов импорт үлесін азайту туралы мәселені көтерді. Осылайша импортты алмастырудың ұзақмерзімді бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр. Бағдарлама бойынша қордың компаниялар тобы сатып алатын тауарлардың тізімі жасалады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге әлеуетті инвесторлар арасында конкурс ұйымдастырылады. Кейін жеңімпаз инвесторлармен ұзақмерзімді келісім жасалады.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

- Бұл бір реттік шаралар емес. Болашақта кәсіпкерлермен байланысты нығайта отырып, сатып алу жүйесін жетілдіреміз. Меніңше, өзара тиімді ынтымақтастық болмақ. Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жасалған келісім нәтижесінде бағдарлама қор компанияларымен сатып алынатын импорттық тауарлардың тізіміне енгізілетін өндірісті ұйымдастыру негізінде құрылады.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- 2017 жылдың қорытындысына сай, өңдеуші сектордағы еңбек өнімділігі шамамен бір адамға шаққанда 10 млн теңгеден асады. Бұл жақсы көрсеткіш. Өйткені соңғы 8 жылдағы сандарды салыстырғанда 35 пайызға артқандығын байқаймыз. Мәселен, өткен жылы өңделген өнім экспорты 15,6 млрд АҚШ долларына жетті. Жалпы нәтиже жаман емес. Экспорт көлемі мен тауар түрлері артты.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде