352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда 13 мың 44 шағын және орта бизнес нысаны тіркелген

  • 163

Байқоңырдың тағдыр талайы Мәжіліс қабырғасында талқыға түссе, кешелі бері Түркістанның шоқтығы биіктеп тұр.

Ол – облыс орталығы. Қазір Республиканың ірі сауда-саттық қаласы саналатын Түркістанда 13 мың 44 шағын және орта бизнес нысаны тіркелген. Кәсіпкерлік субьектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 35 мыңға жуықтайды.

Өткен жылы миллионнан астам, биыл 300 мыңдай турист қабылдаған шаһар туризмдік инфрақұрылым дамиды деп күтіп отыр.

Түркістанда 263 мыңнан астам тұрғын тіркелсе, соның жартысына жуығы экономикалық белсенді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандары өткен жылмен салыстырғанда, 100 пайызға артып отыр.

Бұл ретте экономист мамандар негізгі 3 секторда жандану байқалғанын айтады.

Қамбар Бекенов, тілші:

– Өңірде жыл басынан бері 1 млрд астам теңге табыс түсірген туризм саласына ерекше мән берілмек. Әсіресе инфрақұрылымдық және логистикалық жобалар жүзеге асырылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы