369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы уақытта ресейлік бензинді импорттауға тыйым салынатын болады

  • 181

Елімізде мұнай өндіру көлемі артады.

2025 жылға қарай көрсеткішті 104 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарда бар. Бұл туралы Энергетика министрі, мәлім етті. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, мұнай-газ саласының барлық секторындағы көрсеткіштерді 2017 жылмен салыстырғанда өсім бар. Қазірдің өзінде елімізде жанар-жағармай  артығымен өндіріледі. Министр алдағы бірнеше айда ресейлік бензинді импорттауға тыйым салынатынын тілге тиек етті. Ал қордағы артық тұрған бензинді экспорттау жайы қарастырылып жатыр. Оң шешімін тапса Орталық Азияға және Каспий арқылы  өзге елдерге жөнелту жоспарланған. Дегенмен, Қанат Бозымбаев елімізде жанар-жағармай тапшығылын болдырмас үшін шетелге сатылатын отын көлемін бақылау қажеттігін де жасырмады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Төртінші мұнай өңдеу зауытын салу жоспарда бар. Павлодар мен Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңартқаннан кейін жоғары октанды бензинді өндіру көлемі артты. Қазір резервте АИ-92 маркалы бензиннің 358 мың тоннасы бар. Қыркүйекте Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңарту жұмыстары толығымен аяқталуы тиіс. Сонда бензиннің көлемі арта түспек.

Хабар 24 телеарнасы