352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екінші деңгейлі банктерге ұлттық қор қаражаты есебінен демеу жасалмайды

  • 131

Өткен жылы қазына қаржысы толық игерілді. Халыққа есеп берген бас қаржыгер осылай дейді.

Бюджет түсімі де жоспарланған межеден әлдеқайда жоғары. Былтыр мемлекетік бюджет 7 трлн теңгемен толыққан. Бұған салық түсімдерінің артуы себеп. Министрдің айтуынша, шығынның тең жартысы, әлеуметтік салаға жұмсалған. Бұл қаражат есебінен мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі орындалды. Мұнымен қоса өткен жылы ұлттық қордан 1,5 трлн теңге трансферт бөлінген. Аталған қаржы банктерді сауықтыруға, жол құрылысына және жалға берілетін үйлер құрылысына жұмсалды. Ал биыл министрлік мұндай мақсатқа ұлттық қордан ақша алмаймыз деп отыр. Сондықтан қазір «төбесіне қара бұлт төнген» екінші деңгейлі банктерге өз күнін өзі көретін уақыт келгенге ұқсайды.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Ұлттық банктің ұсынысымен үкімет те бұл жұмысқа қосылып былтыр қомақты қаражат бюджеттен және ұлттық қордан бөлінген болатын. Нәтижесінде жұмыс істемейтін кредиттердің саны едәуір төмендеді. Қазіргі күні үкімет тікелей қаражатты әр банкке бөле алмаймыз. Оған ешқандай бюджет жетпейді. Тиісті шаралар да бар, инструменттер де бар. Құнды қағаздар инструменті, соның бәрі қазір талқыланып келе жатыр.  

Халыққа есебінен кейін қаржы министрі бұқаралық ақпарт құралдарының өкілдерімен жүздесті. Тілшілер бүгінгі күннің басты жаңалығы саналған «Түркістан облысының құрылуына қатысты бюджет шығыны арта ма» деген сауал қойды. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жаңа облыстың бюджеті бекітілгенге дейін шұғыл шығындар үкімет қорынан өтеледі.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі

- Мұндай өзгерістер жөнінде шешім бір жақты қабылданбайды. Сөзсіз әлеуметтік-экономикалық факторлар назарға алынды. Бұған жарқын мысал елорданың Астанаға көшуі. Әрине облыс атауын өзгерту кезінде аймақтың экономикалық даму аспектілері ескерілді, сондықтан мемлекет тарапынан қосымша шаралар қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы