352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкент елімізбен қатар Орталық Азияға инвестиция келтіретін қалаға айналады

  • 409

Шымкент шаһары енді Алматы мен Астана сияқты республикадағы маңызы бар үшінші мегаполис қала.

Яғни Шымкент еліміздегі 17-аймақ аталады. Енді миллионнан астам тұрғыны бар қаланың жаңа даму дәуірі басталады. Оған бір ғана «Шымкент Сити» жобасы дәлел. Бұған қоса алдағы уақытта қаланың жасыл аймағын 18 мың гектарға жеткізу жоспары бар.

Шымкент – еліміздің оңтүстігіндегі ең шырайлы қала. Алдағы уақытта Шымкент қаласын дамыту мақсатында жалпы аумағы 1,5 миллион гектар болатын Шымкент агломерациясын іске асырылады. Мұндағы мақсат – қала аумағына кіретін елді мекендердің әлеуметтік, экономикалық һәм инфрақұрылымдық мәселелерін шешу.

Қуатжан Жұматаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– Көлік тығынын азайту мақсатында Қонаев көшесін басты магистраль артерия ретінде ары қарайда жаңа жол етіп соғуға жобасын жасаудамыз.

Ал келер жылдан бастап шаһардағы барлық қоғамдық көліктер электронды билетке көшіріледі. Сондай-ақ қаланың дамуына салынып жатқан тұрғын үйлердің де үлесі зор. Өңірде жыл басынан бері 277 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Оның 104 жеке құрылыс салушылар есебінен. Тұрғындарды баспанамен қамтуда қалада «Шымкент Сити» жобасының орны бөлек. Мұнда жалпы саны 324 көпқабатты тұрғын үй салынатын болады.

Әбілсейіт Рабаев, қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі:

- Өткен жылы біз 239 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қоссақ, биыл 457 мың, яғни екі есе көп шаршы метрді іске қоспақпыз.

Шымкент елімізге инвестиция тартудан көш бастады. Тәукелсіздік алғалы бері аймаққа 3 триллион теңге инвестиция тартылған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Индустрияландыру бағдарламасы бойынша іске қосылып жатқан әрбір бесін ші кәсіпорын оңтүстікке тиесілі. Сонымен қатар, мегополист атанғандықтан қала бюджеті де еселене түспек.

Гүлжан Құрманбекова, қала әкімінің орынбасары:

- 2019 жылы бюджетіміз 137 миллиардтан 183 миллиардқа жетеді деп жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар Шымкент демографиялық тұрғыдан да алдыңғы қатарда тұр. Қазақстанда өмірге келетін әрбір төртінші сәби Шымкентте туылады. Тәуелсіздік алған жылдары Шымкент қаласының аумағы 13 мың гектар болса, қазір 117 мың гектардан асады. Ал соңғы 10 жылда Шымкент халқының саны 45 пайызға өсті. Мәселен 2008 жылы халық саны 545 болса, биыл 1 млн жетті. Елбасы да «Шымкент инвестициялар, технологиялар және интеллектуалдық ресурстарды біздің елге ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағына тартатын жаңа орталық болады» деді. Демек, Шымкент қаласы болашақта бұдан  да әрі гүлденіп, дами бермек.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Нұрмақан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы