Еліміз әйелдер кәсіпкерлігі дамуы жөнінен әлемде үздік бестікке енді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Еліміз әйелдер кәсіпкерлігі дамуы жөнінен әлемде үздік бестікке енді

Еліміз әйелдер кәсіпкерлігі дамуы жөнінен әлемде үздік бестікке енді

Қазақстан әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы бестікке енеді.

Бүгінде еліміздегі нәзік жандылардың 49 пайызы жұмыс істейді. Шағын және орта бизнестің 60 пайыздан астам бөлігін әйелдер басқарады. Бұл туралы іскер әйелдердің дәстүрлі конгресі барысында кеңес төрайымы Ләззат Рамазанова мәлімдеді. Жиында өңірлік және аудандық кеңестердің өкілдері бас қосты. Олар осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақыттың мақсат-міндеттерін айқындады. Сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, тиімді басқаруды қалыптастыру және отандық бизнеске заманауи инновациялық жобаларды енгізу жайын талқыға салды.

Тілектес Болатбаева, Жаңаөзен қаласы политехникалық колледжінің директоры:

- Конгресс бізге сенімділік береді. Біздің жасап жатқан жұмысымыз, өзіміздің бастаған кәсіпкерлігіміз еліміздің жақсаруына, еліміздің экономикасының дамуына, Қазақстан азаматтарының жағдайын жақсаруына болашаққа үлкен бір бағдар береді деп айтуға болады.

Надежда Шәкәрбаева, кәсіпкер:

- Мен 30 жыл мемлекеттік қызметте істеп, зейнеткерлікке шыққанда екі жылдың көлемінде айналысып жатырмын. Бұрыннан да менің ойымда жүрген ұлттық нақыштағы өзіміздің бұйымдарды қолдан жасап шығару. Мен қойдың жүнін қайтап өңдеу және ұлттық нақыштағы бұйымдарды шығару бойынша қазір кәсіпті бастап айналысу үстіндемін.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде