369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда «Асар» ынтымақтастық форумы өтті

  • 235

Елімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған шара барысында өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтың қосқан үлесі, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің және мемлекеттің арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.

«ASAR» республикалық үшжақты ынтымақтастық форумы өткен жылы алғаш рет Атырау облысында ұйымдастырылған болатын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан форум «Жыл сайын жаңа өңір» қағидаты бойынша өткізіледі. Сарапшылардың пікірінше, бүгінде билік пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы жұмыс біршама реттелген. Ендігі міндет – осы мақсатқа бизнес қауымдастықты тарту.

Дос Көшім, саясаттанушы:

– Бизнес пен ҮЕҰ арасындағы серіктестік жағы әлі табанынан тұрып кете қойған жоқ. Сондықтан менің ойымша, бүгінгі жиында талданатын ең үлкен тақырып бизнес пен ҮЕҰ арасындағы мәселе болуы керек.

Жетісу жерінде мыңға тарта үкіметтік емес ұйым бар. Жергілікті атқарушы билік олармен арадағы жұмысты нығайту мақсатында жыл сайын «Әлеуметтік идеялар мен жобалар» жәрмеңкесін ұйымдастырып келеді. Биыл ең үздік 10 жобаның авторына 1 миллион теңгенің сертификаттары тапсырылды. Ал еліміз бойынша 1500-ден астам бизнес қауымдастық өкілі өткен жылы «Туған жер» бағдарламасына сәйкес әлеуметтік салаға 50 млрд теңге көлемінде инвестиция құйған.

Әлия Ғалымова, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет төрайымы:

– «Асар 2» аясында 8 жобаға бизнес үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсеткен. Жалпы сомасы 59 млн теңгені құрайды.

Бүгінгі форум барысында үкіметтік емес ұйымдар бизнес қауымдастық және мемлекеттік органдар арасындағы өзара ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойылып, үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына 30-ға тарта ұсыным жолданды.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы