356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын кәсіпкерлерді тексеру шаралары қысқаруда

  • 147

Былтыр қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты 81 мыңнан астам тексеру жұмыстары жүргізілген.

Бұл 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 5 есе аз. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрінің орынбасары Руслан Дәленов мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде бизнес жүргізу жыл сайын жеңілдеп келеді. Яғни мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын тексеру шаралары біртіндеп қысқаруда. Сондай-ақ бизнесті өркендетуге арналған тағы бір қадам – бақылауды цифрландыру. Айта кетейік, жауапты министрлік өкілдері келтірген дерек бойынша, елімізде 1 миллион 200 мың кәсіпкер тіркелген.

Шыңғыс Ахметов, ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы:

– Қазақстанның «Дуинг Бизнес» рейтингінде позициясын одан әрі жақсарту мақсатында бірталай әкімшілік жұмыс жүргізілетін болады. Бұл құрылысты бастау үшін рұқсат алу бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік органдардың тарапынан жүргізілетін тексерулерді қысқарту бойынша лицензия мен басқа рұқсаттарды алу процедураларын цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы