356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз ЭЫДҰ-мен салық саласы бойынша ақпарат алмасу жөнінен келісімге қол қойды

  • 172
Еліміз ЭЫДҰ-мен салық саласы бойынша ақпарат алмасу жөнінен келісімге қол қойды

2020 жылы отандық салық саласы автоматтандырылған ақпарат алмасу жүйесіне көшеді.

Осы мақсатта бүгін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көпжақты келісіміне де қол қойды. Құжат «Салық салу мәселелері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы» Страсбург конвенциясына сәйкес, автоматтандырылған дерек алмасудың бірыңғай стандартын енгізбек. «Си-Эр-Эс» стандарты заңнама шеңберінде салық мөлшерін төмендету немесе салықтан жалтару сияқты әрекеттердің алдын алып, мемлекеттік кірістер тетігін жетілдірмек.

Ардақ Теңгебаев, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

- Біздің салық төлеушілердің кірістерінің бәрі бізге белгілі болады. Сыртқы шоттағы бар кірістер мен ақшаның қалдығы мұның бәрі бізге мәлімет болып түсіп отырады. Жыл сайын, жылына бір рет 2020 жылдан бастап сол ақпаратты біз алып отырамыз. Сондықтан енді ең бірінші мақсаты салық түсімдерін, салық төлеуді толыққанды шешу үшін керек ақпарат алмасу.

Хабар 24 телеарнасы