352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде газ электронды биржа арқылы сатылады

  • 111

2019 жылы сұйытылған газ саудаланатын биржалар іске қосылады.

Бұл туралы бүгін Сенат отырысында Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов хабарлады. Алғашқыда табиғи ресурстың тек 20 пайызы ғана электронды биржада сатылады. 2021 жылға дейін үлес салмағы арта береді. Бақтықожа Ізмұхамбетовтың 2019 жылы газ тапшылығы болуы мүмкін екенін де тілге тиек етті. Сондықтан да газ делдалсыз сатылуы керек дегенді алға тартты. Айта кетейік, елімізде соңғы 4 жылда сұйытылған газға деген сұраныс екі есе артқан. Былтыр көгілдір отын  ішкі нарықта 900 мың тонна болса, оның 545 мың тоннасы газ құю станцияларына берілген. Ал биыл өндірілетін 1 млн 300 мың тоннаның 850 мыңы газ құю бекеттеріне жөнелтіледі.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әкімшілік берген айлық газ бөлу жоспарына түзету енгізу қажеттілігі болғанда, Энергетика министрлігіндегі әдейі құрылған комиссия ол айлық жоспарды өзгертіп, қайтадан әкімшілікке жолдайды. Әкімшілік жоспарды 3 күнде түзетіп, Энергетика министрлігіне тапсыруға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы