359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Қазақстан қор биржасы жеке инвесторларға арналған оқу бағдарламасын бастады

  • 107
Алматыда Қазақстан қор биржасы жеке инвесторларға арналған оқу бағдарламасын бастады

Бүгін Алматыда Қазақстан қор биржасы жеке инвесторларға арналған оқу бағдарламасын бастады.

Іс-шараның мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырып, қор нарығының әлеуеті туралы толық мағлұмат беру. Тыңдаушылар акция, облигациялармен сауда жасаудың негізгі қағидаларын меңгеріп шығады. Сонымен қатар құнды қағаздар нарығына талдау жасап, тиісті шешім қабылдауды үйренеді. Дәрістерді KASE-нің білікті қызметкерлері мен қор нарығында талай жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі брокерлер жүргізеді. Сабақ тегін. Ұйымдастырушылар биыл осындай төрт семинар өткізуді жоспарлап отыр. Дәрісті кез келген адам тыңдай алады.

Ардақ Әшімова, KASE эмитенттермен, инвесторлармен жұмыс істеу департаментінің өкілі:

– Бүгінгі күні жеке инвесторлар, кез келген адам бос ақшаларын депозитке салады. Салыстыратын болсақ, депозиттің негізгі табыстылығы 13 пайыздан 15 пайызға дейін. Ал биржаға келетін болсақ, индекстегі акцияларды сатып алатын болса, былтыр индекстің табыстылығы 50 пайызға дейін жетті.

Хабар 24 телеарнасы