352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан қаржы нарығына кіру мүмкіндіктері кеңейеді

  • 117

Қазақстанның Ұлттық банкі Лондонда еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Конференция Қазақстан Республикасы мемлекеттік құнды қағаздарын Clearstream жүйесінің құнды қағаздар тізіміне енгізу жобасымен тұспа-тұс келді.

Бұл жоба Қазақстан заңнамасына сәйкес теңгеде шығарылған барлық мемлекеттік құнды қағаздар бойынша есепті Clearstream арқылы жүргізуге мүмкіндік береді. Clearstream – бұл халықаралық төлем жүргізу жүйесі. Ол шетелдік инвесторлардың Қазақстан қаржы нарығына кіру мүмкіндіктерін кеңейтпек. Жүйенің іске қосылуы, қазақстандық мемлекеттік облигацияларға сұранысты көбейтіп, олардың өтімділігін және сыртқы нарықтағы тартымдылығын арттырады. 

Рассел Каллауэй, Clearstream Banking SA атқарушы директоры:

- Портфельдік менеджерлер мен нарықты қалыптастыратын трейдерлерден нарыққа шығу жолының кеңеюін қалайды. Ниетін аңғарып, осындай мүмкіндік беріп отырмыз.

Конференция Bloomberg компаниясының қолдауымен өтті. Кездесу барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев басқарған қазақстандық делегация елдегі экономикалық жағдайы жайлы, монетарлық және фискалды саясатты жүзеге асыру туралы баяндады.

Әлия Молдабекова, ҚР Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінің  директоры:

- Меніңше, бүгінгі шара табысты өтті. Өте қызықты таныстырылымдар болды. Бүгін макро және микрокөзқарастардың қиылысқаны да қуантады. Сонымен қатар біздің инфрақұрылымның ерекшеліктеріне арналған Қазақстан қор биржасының таныстырылымы өткені де өте жақсы дер едім.

Ұлттық банк басшылығы Clearstream жүйесімен орнатылған байланыс өз жемісін беріп, нарығымыздағы оң трендтерді сақтауға септігін тигізеді деп сенеді. Конференция соңында шетелдік инвесторлар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы