359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың бизнес өкілдері елімізбен ынтымақты арттыруға мүдделі

  • 108

5 шілдеде Астана Халықаралық Қаржы Орталығының ресми ашылу рәсімі өтеді.

Америкалық бизнес өкілдері қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық аясын кеңейту үшін қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалануға ниет білдіріп отыр. Бұл келісімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған сапары кезінде қол жеткізілген еді. Енді екі елдің қаржы және құқық саласындағы өзара тиімді серіктестік көкжиегі кеңейе түспек. Ірі американ компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, белгілі заңгер, кәсіпкер және меценат Эдвард Мермельштейннің айтуынша, Қазақстанға шетелдік инвестиция тартылуымен қатар еліміздің құқықтық жағдайы реттеліп, аймақтық әріптестік беки түседі.

Эдвард Мермельштейн, кәсіпкер (АҚШ):

- Біз Астана Халықаралық қаржы орталығының ресми тұсаукесерін қуана күтіп отырмыз. Бұл бір айтулы оқиға болары сөзсіз. Орталықтың серіктестері Шанхай биржа қоры мен Насдак екені белгілі. Сол себепті де Қазақстан дамуының жаңа өрісі пайда болады. Америкалық компаниялар да түрлі транзакцияларға қатысып, АХҚО бүкіл әлем үшін есігін айқара ашады деп үміттенеміз. Орталық жұмысының құқықтық қыры, ислам банкингінің принциптері көптеген инвесторлар тартуға сеп болады. Біз Қазақстан халқын, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Қазақстан мен АҚШ арасындағы жалғанған көпір екі жақты бағытта табысты жұмыс атқарады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы