352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Еуразия кеңістігінде майнинг тек Беларусьте заңдастырылған

  • 105
Сарапшы: Еуразия кеңістігінде майнинг тек Беларусьте заңдастырылған

Астанада халықаралық іскерлік ынтымақтастық орнатудың жаңа форматы қаралды.

Осы орайда блокчейн кеңістігін кеңінен пайдалану жолдары Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер форумында әңгіме өзегіне айналды. Шартарапан жиылған азулы сарапшылар күнделікті күйбең тіршілігімізді әлдеқайда жеңілдететін жаңалықты толық игеру үшін алдымен арнайы білім беру бағдарламаларын құру қажеттігін айтты. Сөйтіп, кәсіпкерлерге блокчейнді қолдануды үйретсе, бизнеске төнетін қауіп-қатерлердің саны азаймақ. Ал бизнес-жобаларды оңтайландыру үшін осы блокчейнді жасанды интеллектке, биг дата мен өндірістік интернетке бейімдеу керектігі де бүгінгі жиында сөз болды. Сондай-ақ қатысушылар блокчейн технологиясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасын дамытуға септігін тигізеді, дейді.

Венера Шайдуллина, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті блокчейн зертханасының сарапшысы:

- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ортақ қаржы нарығын қалыптастырмайынша ортақ цифрлық нарық құруы бекер болады деп есептеймін. Бүгінде Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттерде Беларусьтен өзгесінде криптавалюта, ICO (Айсио), майнинг заңдастырылмаған.

Хабар 24 телеарнасы