356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Жалпы құны 4,7 млрд доллар болатын 32 келісімге қол қойылды

  • 119

Елімізде дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын, ет өнімдері мен мұнай өңдейтін зауыт және тау-кен комбинаты салынатын болады.

Астанада енді ғана басталған инвестициялық форум аясында бірнеше қазақстандық компания мен әкімдік шетелдік инвесторлармен аталған бағытта бірнеше меморандумға қол қойды. Бас қалада өтіп жатқан алқалы жиынға жер-жаһандағы алпауыт компаниялардың 600-ден аса басшысы келген. Бәрі де Қазақстанмен әріптестік аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.

Қорған Төреқожа, тілші:

– «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы осымен екінші мәрте өтіп отыр. Әлемнің ірі бизнесмендері бүгін елордада бас қосып, елімізге инвестиция бағыттауға құлық танытып отыр. Атап айтсақ, Түркия, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктерінен жүздеген делегат келген. Бір сағат бұрын шетелдік меймандар қазақстандық әріптестерімен бірге жалпы құны 4,7 миллиард доллар болатын 32 келісімге қол қойды. Осының аясында елімізде фармацевтика, тау-кен, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пен агро салада бірнеше ірі жоба жүзеге аспақ. Халықаралық деңгейдегі жиын барысында шетелдіктерге Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері барынша таныстылылмақ. Сондай-ақ форум кезінде елімізде жүзеге асырылып жатқан ұлттық инвестициялық стратегияның алғашқы нәтижелері паш етіледі.

Атап өтейік, алқалы жиынға 600-ден аса шетелдік делегатпен бірге ұлттық компаниялардың басшылары, атқарушы орган өкілдері де қатысуда. Негізгі мәселе пленарлық сессияда қаузалмақ. Одан соң тараптар бірнеше тақырып бойынша өзара кездесу өткізеді деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы