359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Global Silk Road: құны 25 млрд теңгелік келісімдерге қол қойылды

  • 140

Елордада бірнеше нысан бой көтереді. Олардың қатарында кондитер фабрикасы, заманауи технология негізінде ет өңдейтін кешен, ДНҚ-ға тестілеу жүргізетін зертхана және киностудия бар.

Қала мэрлерінің форумында жалпы сомасы шамамен 25 миллиард теңгені құрайтын 14 келісімге қол қойылды. Сондай-ақ әкімдік өкілдері әріптестерімен жасыл технологияны енгізу, сауда қатынастарын дамыту және инвестиция тарту бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Әлішер Әбдіқадыров, қалалық инвестициялар және даму басқармасының басшысы:

- Астанада заманауи мектеп салынады. Онда Сингапур технологиялары қолданылады. Сондай-ақ бояу өнімдерін шығаратын зауыттың бой көтеруі жоспарланған. Мұндай кәсіпорын Қазақстанда алғашқы болмақ.

Хабар 24 телеарнасы