352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Майкл Блэр: АХҚО-ның құзыретін келер жылы кеңейту жоспарлануда

  • 175

«Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық жүйесі қандай болмақ?

Бұл сұрақтың жауабын осы минуттарда Назарбаев орталығында өтіп жатқан арнайы конференцияға қатысушы сарапшылар беруі тиіс.

Майкл Блэр, Құқықтық-консультативтік кеңестің төрағасы:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы шешімін жөн деп есептеймін. Ол ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейтін болады. Өйткені халықаралық қаржы сауда секілді салалардағы операциялар ағылшын тілінде жүргізіледі. Халықаралық қаржы орталығының құзыретін келер жылы кеңейту жоспарланып отыр. Нақтырақ айтқанда, нарықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «жасыл» экономиканы қаржыландыру салалары бойынша. Сонымен бірге алдағы жылы осы орталықтың құқықтық жүйесін кеңейтіп, жетілдіру жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы