356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қаржы саласында қолданылатын жаңа сөздер ЕЭО-ға мүше елдердің сөздігіне енуі мүмкін

  • 134

Қаржы саласында қолданылатын жаңа сөздер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің сөздігіне енуі тиіс.

Бүгін «Astana Finance Days» шарасының аясында көптеген қаржы ұйымының өкілдері осындай ұсыныс жасап, сөздіктің жобасын халықаралық конференция қатысушыларына таныстырды. Жиын барысында Еуразиялық экономикалық комиссия мен Астана қаржы орталығының мамандары келешектегі ынтымақтастықтың 3 бағытын талқылады. Спикерлер цифрлық қаржы технологияларының экономикаға әсері, блокчейн және криптовалютаның дамуы жайында сөз қозғады.

Берік Мұхамбетжанов, Еуразиялық даму банкінің басқарма мүшесі:

– Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында интеграция жүріп жатыр. Сол себепті біз заман талабына сай енгізіліп жатқан электронды жүйелерімізді бір ретке келтіргеніміз жөн. Ал 2025 жылға дейін бүкіл одаққа ортақ қаржы нарығын құруымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы