361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Қазақстан халықаралық қаржы институттарын тартуға арналған негіз құруда

  • 185

«Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу рәсімін Германияның бизнес ортасы жіті бақылап отырды.

Себебі неміс банктері мен инвесторлары қаржы орталығымен серіктестік орнатуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында Германия экономикасы Шығыс комитетінің аймақтық директоры Эдуард Кинсбрунер мәлімдеді. Оның айтуынша, қаржы ортылығы инвестиция өсіміне айтарлықтай әсер етеді.

Эдуард Кинсбрунер, Германия экономикасы Шығыс комитетінің аймақтық директоры:

– Қазақстан халықаралық қаржы институттарын тартуға арналған негіз құрып жатыр. Бұл инвестиция көлемінің арттырады деген сөз. Неміс тарапы жағынан банктер де, инвесторлар да қызығушылық танытып отыр. Біз АХҚО-ның өкілдерімен Германияда, содан соң Қазақстанда кездестік. Жалпы «Астана» қаржы орталығы ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейді. Бұл Англия үлгісінде инвестиция жасауға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы