369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтауды ұйғарды

  • 217

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Бұл жөнінде баспасөз мәслихатын өткізген банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Айта кетелік, базалық мөлшерлемені ел экономикасындағы инфляция деңгейіне қарай Ұлттық банк бекітеді. Қазіргі инвляция көрсеткіші 6% құрап отыр. Ал инфляция деңгейінің төмендеуіне азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының бәсеңдеуі әсер еткен. Сондай-ақ қаржы секторында айтарлықтай оң нәтиже бар. Мысалы, соңғы үш айда тұтыншушылық несиелеу  көлемі де 1,4 есеге артқан. «Әлемдік нарықта мұнай баррелінің құны алдағы екі жылда қалыпты  болады. Бұл жағдай теңгенің тұрақтылығына да оң әсер етеді»,- деді бас банкир.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

- Базалық мөлшерлемені қазіргі қалпында сақтау шешімі инфляциялық тәуекелдерді ескере отырып қабылданды. Ол ең алдымен экономикаға әсер етуші сыртқы және ішкі факторларды сараптай отырып, бюджеттік саясат шеңберінде жасалды.

Хабар 24 телеарнасы