352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл еліміз бен Челябинск облысы арасындағы сауда-саттық артты

  • 193

Қостанай мен Ресейдің Челябі облыстары арасында қарым-қатынасты нығайтудың жол картасы жасалды.

Онда бірлескен жобалар мен оларды жүзеге асырудың нақты мерзімі көрсетілген. Мамандар жаңа келісім шекаралас өңірлер арасындағы тауар айналымын арттыруға ықпал етеді деген пікірде.

Челябі қаласының ірі сауда орталықтарында «Қазақстан өнімі» деген мынандай жазуды жиі кездестіресің.  Әсіресе мұнда қостанайлық тәттілерге деген сұраныс зор. Тұтынушыларды  кәмпиттерің дәмі ғана емес, оның сыртқы безендірілуі қызықтырады екен.

Раиса Сафаров, Челябі қаласының тұрғыны:

- Мен банан, лимон салынған бар карамельді жиі сатып аламын. Мұнда таңдау кең. Печенье, мармелад, мандарин бөліктері өте дәмді. Мынау сырты сәнді қорап кәмпитті сыйлыққа алып тұрмын. Менің таныстарым да ыңғай осында келеді.

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан мен Челябі облысы арасындағы алыс-беріс 20 пайызға көбейген.Және экспорт пен импорт айырмасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Біздің елден металлургия шикізаттарынан тыс, азық-түлік экспортының үлесі артып келеді.

Татьяна Кузнецова, сауда компаниясының менеджері /Ресей/:

- Қазақстандық компаниямен он жылдан астам уақыт ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз.Бастапқыда тек өнімді өткізумен ғана айналыссақ, енді өз сауда белгімізді пайдаланып, қостанайлық фабрикада жаңа тәттілер түрін шығара бастадық.

Қазір кезде Чедябі облысында  Қазақстанмен бірлескен 130 кәсіпорын жұмыс істейді. Жаңа жол картасының басты ерекшелігі, экономикалық байланыстың  тың бағыттарын дамытуға  негізделген.

Дмиртий Глухарев, Челябі облысының экономикалық даму министрлігі басқарма басшысының орынбасары:

- Бұл стратегия шеңберінде экономикаға өзгеріс енгізіледі. Біз мысалы өндірістік құрал-жабдықтарды өзімізде өндіруді, цифрлық технологияны енгізуді мақсат тұтып отырмыз. Қазақстанда да осындай жаңғыртулар жүріп жатыр. Сондықтан бұл тұрғыда бірлесіп жұмыс істеудің маңызы зор.

Биылғы жарты жылдың ішінде Тобыл өңірінен Челябі облысына ұн экспорты 22 пайызға, сүт өнімдері 7 пайызға, ал  өсімдік майының көрші елге сатыдымы тіпті 8 есеге өскен.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы