356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

МЖӘ аясында елімізде электр қуаты 40 пайызға дейін үнемделді

  • 196

Биыл елімізде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жүйесі бойынша 800 жоба жүзеге асып жатыр.

Олардың басым бөлігі әлеуметтік салаларды қамтыған. Әсіресе  кәсіпкерлер тарапынан смарт сити бойынша жобаларға қызығушылық жоғары. Биыл Қазақстанның бірқатар өңірінде электр энергиясын үнемдеуге бағытталған келісім-шарттар іске аса бастады.

Электр қуатын 40 пайызға дейін үнемдеу. Бүгінде елімізде қолданылып келе жатқан инновациялық технологиялар осындай нәтиже бере алады. Бизнестің бұл түрімен айналысатын елордалық кәсіпкерлер жергілікті зәулім ғимараттардың бірінде электр шамдарын толықтай ауыстырып берді. Тапсырыс берушілер ол үшін бір тиын ақша төлеген жоқ. Қос тарапқа да тиімді келісім мемлекеттік жеке меншік әріптестік жүйесі бойынша жасалды.

Амангелді Таукенов, кәсіпкер:

- Біз мына ғимараттағы 13 мың шамды толық ауыстырып бердік. Жоба құны 30 миллион теңгені құрады. Біздің шамдар электр энергиясын үнемдейді. Яғни тапсырыс берген мекеме жарық үшін бұрынғыдан аз ақша төлейді. Сол үнемделген қаражат есебінен мемлекет бізге 5 жыл бойы жалақы төлейді. Яғни бюджеттен қосымша қаржы бөлудің қажет жоқ.

Ал атыраулық кәсіпкерлер қала көшелерін жарықпен қамтамасыз ету ісін қолға алды. Олар шамдарды тек орнатып қана қоймай, олардың жанып кетпеуін және артық энергия жұмсалмауын арнайы орталықтан бақылап отырады. Егер жарық болмай қалса, мамандар істен шыққан шамдарды ауыстыруға міндетті. 

Бақытжан Әлімқұлов, кәсіпкер:

- МЖӘ деген екі жаққа тиімді. Не үшін? Біз салған ақшамызды қайтара алмаймыз деп ойланбаймыз.  Неге десеңіз бізге мемлекетпен договорымыз бар. определенный срокта үкімет қайтарады. осы проектіні былтыр салдық 19 көше. светильниктер істеп тұр. Шілденің аяғына дейін тағы 20 көше. Бағасы 2,3 миллиард теңге құрайды. 

Осы сынды жобалар еліміздің басқа өңірлерінде де жүзеге асып жатыр.

Толым Әдепхан, қазақстандық МЖӘ орталығының талдаушысы: 

- Қазір бізде келесі жобалардың бірі Қызылорда облысында іске асыру. Екібастұзда автоматтандырылған жүйені орнатуда 40 пайыз үнемділік көрсетті. диодты шамдардың өзі болса, ол 30 жылға жетеді. 6-8  жылға. Яғни 80 пайызға дейін үнемдеушілік бар. 

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары қос тарапқа да тиімді. Ал бұл саланы реттейтін заң өз күшіне енгеннен кейін, оларды әзірлеу процесі жеңілдеді. Бұрын 6-7 ай уақыт алатын сараптама қазір 2-3 ай ішінде жүргізіледі. 

Авторлары: Дариға Ташенова, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы