363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Жаһандық бәсекелестік индексінде 12 сатыға жоғарылайды

  • 118
Қазақстан Жаһандық бәсекелестік индексінде 12 сатыға жоғарылайды

Еліміз 2019 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестік индексінде 12 сатыға жоғарыламақ.

Ол үшін кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілер азайтылып, мемлекеттік қызметті цифрландыру жұмыстары қолға алына бастады. Сонымен қатар республикалық маңыздағы жолдар жөнделіп, білім беру және денсаулық сақтау саласына баса мән беріледі. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова дипломатиялық корпус және шетелдік қауымдастықтармен басқосуда мәлімдеді. Атап айтқанда, биыл 4 мың 200 шақырым автожолды қайта салу және 2 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған.

Айта кету керек, өткен жылы еліміз жаһандық бәскелестік индексінде 137 мемлекеттің ішінде 57-орынға тұрақтаған.

Олжас Исабеков, ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры:

- Соңғы кезде еліміздің жаһандық рейтингте төмендегенін байқап отырмыз. Оған әлемдік экономикадағы тұрақсыздық әсер етті. Дегенмен деңгейді көтеру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Қазақстанға шетелдік инвесторлардың қызығушылығы басым. Олармен қарым-қатынасты жақсарту үшін үкіметтің арнайы жоспары бар. Бүгінде елімізге туристік және іскерлік қызығушылықтың артқанын атап өткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы