352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арқалықта минерал өңдеуші зауыт ашылады

  • 119

Қостанай облысының Арқалық қаласында бес бірдей ірі инвестициялық жоба  жүзеге асырылып жатыр.

Жұмыртқа, құс етін өндіретін фабрикалар, мал бордақылау алаңы, ет комбинаты және нефретоид минералын өңдейтін зауыт алдағы  екі жылдың ішінде іске қосылады. Осы жобалардың арқасында  Арқалықта 600-ге жуық тұрақты жұмыс орындары ашылады. Жергілікті құс фабрикасында қазір жылына 115 миллион дана жұмыртқа өндірілсе, 2020 жылы оны 300 миллионға жеткізу көзделіп отыр. Ал Ақжал кен орынында нефретоид минералы өндіріледі. Оның жылдық қуаты 4 мың шаршы метрді құрайды.

Асқар Көбеков, Арқалық қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

-  Нефретоид өңдейтін кәсіпорын Екідін ауылында орналасады. Ол минералдан  зергерлік бұйымдар, ғимарат қабырғаларын қаптайтын плиткалар, жол төсеніштері жасалады. Жобаның бизнес жоспары, жобалық сметалық құжаттары, техникалық экономикалық негіздемесі дайын. Енді зауыт құрылысы мен итальяндық құрал-жабдықтарды алуға инвесторлар іздестіріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы