359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Түрік кеңесіне мүше елдердің туризм саласына жауапты министрлер бас қосты

  • 172

Төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан мен Түрік кеңесі хатшылығының өкілдері қатысып жатыр.

Отырыста Түркі кеңесі-Заманауи жібек жолы атты бірлескен туристік жоба талқыланады. Бұл дегеніңіз Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Əзербайжанның арасында бір тур пакет қабылдануы мүмкін. Егер тараптар келісімге келсе, аталған мемлекеттердің азаматтары төрттік арасында бір ғана визамен жүре алады. Бұл туризм əлеуетін арттыруға септігін тигізбек. Бір ғана туристік бағыт болған соң баға да арзандауы ықтимал. Алдағы уақытта бірлескен бұл жобаға Өзбекстан да қосылуы мүмкін.

Айта кетейік, бүгінде елімізге 61 мемлекеттің азаматы визасыз кіре алады. Бұл – сан алдағы уақытта тағы өседі деген сөз. Елдер арасында бір ғана туристік пакет қабылдау мəселесі қыркүйектің үшінде Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өтетін түркітілдес мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде де кеңінен пысықталады деп күтілуде.

Авторы: Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы