356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да МЖӘ аясында 10 жоба іске асырылып жатыр

  • 106
БҚО-да МЖӘ аясында 10 жоба іске асырылып жатыр

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша 10 жоба іске асуда.

Мәселен Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында дәрігерлік емхананың құрылысы аяқталуға жақындаған. Ал облыстық клиникалық ауруханаға кәсіпкерлердің қаржысына магнитті-резонансты томограф орнатылмақшы. Кәсіпкерлер сондай-ақ жол құрылысы мен жолаушы тасымалына, көшелерді жарықтандыру мен бейнебақылау құралдарын орнатуға да қаржы бөлген. Іскер топ өкілдері сондай-ақ білім беру саласына да инвестиция құюға қызығушылық танытқан. Күні бүгін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ұстанымы бойынша шалғайдағы Жәнібек ауданында және қаланың қасындағы Круглоозерный, Желаев, Подстепный ауылдарында типтік үлгідегі 4 балабақша салынуда.

Руслан Ихсанов, Теректі аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Өздеріңіз көріп тұрған мына жеке балабақша 60 орынға есептелген. Жыл аяғына дейін құрылысын аяқтасақ деген жоспарымыз бар. Подстепный ауылында балабақшада орын тапшы болғасын, сұраныс боларына сенімдіміз. Ал жалпы кәсіпкерге мемлекет қолдауына сүйене отырып бизнесін өркендеткен өте тиімді. Өз кезегінде ол халыққа да қолайлы.

Хабар 24 телеарнасы