352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы доллар бағамының көтерілуіне қатысты пікір білдірді

  • 178

Бүгін Алматының ақша айырбастау орындарында АҚШ доллары 355-357 теңгеден саудаланып, жұртты біраз алаңдатты.

Дегенмен сарапшылар мұны «нарықтағы қалыпты құбылыс» деп отыр. Теңгенің долларға шаққандағы бағамының күрт төмендеуінің бірнеше себебін де атап берді. Оның бірі – сыртқы нарықтардың ықпалы. Яғни АҚШ тарапынан енгізілген шектеулерге Ресей валютасы өз әсерін байқатты. Оның құбылуы тиісінше теңгеге әсер етпей қойған жоқ. Бүгін Қазақстан қор биржасында кейбір шетелдік инвесторлар өз ноталарын 900 млн долларға сатып жіберген. Сарапшылар: «осы мәселе де нарықты біраз толқытты», – дейді. Оның үстіне АҚШ валютасын сатып алушылар қатары көбейе түскен. Бүгін Биржада ұйымдастырылған сауданың таңғы сессиясында доллар саудасы 467, 6 млн теңгені құраған. «Бұл – әдеттегі көрсеткіштен екі есеге көп», –  дейді мамандар. Доллар бағамының көтерілуіне әсер еткен факторлардың қатарында мұнай бағасының арзандауы да бар. Бүгінгі таңғы сессияның қорытындысы бойынша қара алтынның бір баррелі 75-тен 72 долларға түскен.

Андрей Цалюк, «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі сауда-саттықта доллар біршама өсім көрсетті. Бізде теңгенің еркін айырбастау бағамы қалыптасқандықтан, валюта нарығындағы кез келген құбылыстар әсер етпей қоймайды. Бүгін таңғы сессияда осының куәсі болдық. Доллар теңгеге қарағанда қымбаттай түсті. Оның үстіне таңғы сессияда долларды сатып алу көрсеткіші екі есеге артты. Әдетте сауда саттық 200-250 миллион теңге көлемінде болатын. Өйткені кеше Ресей рублі де долларға қатысты төмендеді. Бұл, әлбетте, теңге бағамына әсер етті. Әрі бұл қалыпты құбылыс деп білу қажет.

Хабар 24 телеарнасы