352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың 30-дан аса тоқыма компанияларының жетекшілері Астанаға келді

  • 109

Жиынның мақсаты – Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу. Бұл – Аспан асты елі делегациясының Қазақстанға алғашқы сапары.

Кездесу барысында мақта өндіру, шикізатты қайта өңдеу, киім тігу және логистика саласындағы жобаларға қатысты келіссөздер жүргізілді. Мамандар Қазақстанда жыл сайын 250 мың тонна мақта жиналатынын ескеріп, бүгінгі келіссөздер инвесторларға үлкен мүмкіндік ашатынан және экспортты дамытуға септігін тигізетінін алға тартты.

Айта кеткен жөн, Қытайдың Тоқыма өнеркәсібі одағы сол елдің жетекші ұйымдарының бірі. Қытай экономикасындағы үлесі – 3%. Ұйымда 20 миллионнан астам адам еңбек етеді.

Гао Ци, Қытай Халықаралық сауда палатасы өкілдігі бас директорының орынбасары:

- Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы тоқыма өнеркәсібіндегі жақсы бастама. Бүгін делегациямен келген компаниялардың барлығы да Қытай нарығында өте танымал. Олар Қазақстанмен байланысты бекемдеп, ортақ жобалармен айналысуға ерекше қызығушылық білдірді.

Хабар 24 телеарнасы