369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстан тауарларын еліміз арқылы Еуропаға шығарады

  • 110

Каспий конвенциясы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыстың одан әрі қарыштап дамуына негіз болады.

Өйткені оңтүстіктегі көршілер өз өнімдерін біз арқылы Еуропаға алып шығуды көздеп отыр. Оған қоса маңызды құжат Орта Азия елдерінің теңіз арқылы әлем нарығына шығуына  жол ашады. Бастысы су түбіндегі  қазба байлық теңдей бөлініп, теңіз-дің тУлаған балығы мен экологиялық ахуалы қатаң бақылауға алынады. Сондықтан жағалаудағы бес мемлекеттің ортақ келісімге келуі тарихи сәт, дейді өзбекстандық ғалымдар. Бұған дейін Қытай мен Батыстың арасын жалғап отырған Қазақстан, енді Орта Азия елдеріне көліктік инфрақұрылымның тағы бір жаңа түрін ұсынды. Ол Ақтаудағы «Құрық» порты. Еліміз осылайша теңіз тасымалын да игерді. Каспий теңізіне құқықтық мәртебе берілуі жағалаудағы мемлекеттердің тұрақтылығы мен өркендеуіне кепіл. Ал «Каспий теңізінің конституциясы» Қазақстан Президентінің көп жылғы еңбегінің жемісі. Өзбекстандықтар осылай дейді.

Абдулхай Сабиров, филология ғылымдарының докторы, профессор:

- Каспий келісімі жағалаудағы бес мемлекетке тиесілі  порттардан жүк артқан кемелердің  теңіз айдынында еркін жүруіне жол ашты. Оған қоса Өзбекстанға тікелей Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік туды. Бұл құжат бейбіт саясаттың бастауы болды. Өзара ынтымақтастық пен әріптестік байланыстың жақсара түскенін көрсетті. Міне осы тұрғыдан алып қалағанда өзбекстанықтар бұл конвенцияны толық қолдап, қуаттап отыр.

Хабар 24 телеарнасы