356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық банк валюта нарығын қадағалап отыр

  • 142

Шілденің соңында теңгенің биржалық бағамы жыл басынан бері 4,3 пайызға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 346 теңге 7 тиын болды.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег  Смоляков Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, дамушы нарықтардағы жалпы үрдіс Қазақстанға да әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ Смоляков теңге депозиттерінің көлемі ұлғайғанын хабарлады. Қазір депозиттік қор 17,8 трлн теңгеге тең.  Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттер бірінші жартыжылдықта 9,9 трлн теңгеге дейін өсті. Ал шетел валютасындағы депозиттер керісінше 7,9 трлн теңгеге дейін төмендеді. Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды тұрақты бақылап отырады. Қажет болған жағдайда теңге бағамының ауытқуларын реттеуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға да дайын.

Хабар 24 телеарнасы