356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий конвенциясы аясында Әзербайжан теңіз астымен құбыр өткізуді көздейді

  • 105
Каспий конвенциясы аясында Әзербайжан теңіз астымен құбыр өткізуді көздейді

Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция аясында Әзербайжан теңіз түбіне құбыр өткізуге мүдделі.

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі  мәлімдеді. Бұған дейін мұндай мүмкіндікті елестету қиын еді. Енді бұл ел осы құбыр арқылы Түркіменстан мен Қазақстаннан ірі көлемде газ тасымалдауға ниеттеніп отыр. Кейін Түркия мен Еуропа елдеріне шығу жоспары бар. Бұл бастама үш ел үшін де тиімді. Мамандардың пікірінше, қабылданған құжат тараптардың серіктестікті дамытуға мүдделі екенін көретеді.

Фархад Мамедов, Әзірбайжан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеу орталығының директоры:

- Қол қойылған құжат елдер арасындағы серіктестікті нығайта түсуге сеп болады. Бүгінде Каспий маңы елдері арасында бар жобалар тек дами бермек. Оның қатарында құбырлар жобасы мен жүк тасымалын арттыруда бар. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып кеткендей Каспий сенім мен бейбітшіліктің теңізі болмақ.

Хабар 24 телеарнасы