359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда шағын және орта бизнестің мәселелері талқыланды

  • 96

Шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай туғызу арқылы бәсекеге қабілетті бизнес, бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыра аламыз.

Алматыда бас қосқан министрлік пен құзырлы органдардың өкілдері осылай дейді. Бұл Шағын және орта бизнестің мәселелерін тыңдауға арналған құзырлы органдардың екінші кездесуі.  Ақпан айында бизнес өкілдерін мазалаған бірқатар сауалдар тыңдалып, сол бойынша әртүрлі министрліктерде тиісті жұмыстар атқарылды. Мәселен, ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы алынатын субсидиялардың мөлшерлемелері 50 пайызға дейін жеңілдетілді.  Сондай-ақ, стартап жобаларға да арнайы қаржыландыру бағдарламалары жасалды. Ал ақпараттық қолдау саласы бойынша материалдарды өткізу жұмыстары 30 пайызға дейін жеңілдетілді. Сонымен қатар өндіріс  шығындарын азайту бойынша да жұмыстар жалғасып келеді. Бизнеске қолайлы климат қалыптастыру бағытында жаңа салық кодексі іске қосылса, жыл басынан бері өзгертулар мен толықтырулар енгізілген кедендік кодекс күшіне енді.

Бауыржан Тұрлыбеков, Ұлттық экономика министрлгінің өкілі:

- Кеденде декларациялау ол электронды түрде болады. Және транзиттік  жұмыстар транзиттік операциялардың барлығы Е-терезе арқылы жүргізілетін болады да жылдамдатылады . сонымепн қатар  салық жүйесінде көптеген жеңілдетулер бар ол  мысалы патентпен жұмыс жасаған кездер ауылшаруашылығы мекемелерінде  олардың жұмыстарында жеңілдету болады.  Инновация инвестициялар тартатын  орта және кіші бизнеске  бағытталған шаралар қолданылады.

Сонымен қатар отандық бизнеске инвестиция тарту ісі де оңтайландырылды. Өйткені бухгалтерлік есеп пен аудит жүйесі халықаралық стандарттарға сай  жұмыс істейді. Бұл әріптестер арасында қаржылық операциялар жүргізуге өте қолайлы дейді мамандар. Халықаралық стандарттарға сәйкестендіру арқылы қаржылық есеп саласы толығымен  смарт-жүйелеріне көшірілген.

Арман Бектуров, ҚР қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит департаментінің директоры:

- Осы тұтынушылар күнделікті қаржылық есептілікті  байқауға экспрес  анализді байқаға қолайлы жағдай жасалған. Депозитарий  финансовой отчетности бізде арнайы сайт бар, арнайы веб- портал бар. Онда 30 мыңанан астам қаржылық есептілік шоғырландырылған  15 мыңнан астам аудиторлық есептілік жиналған және де бір біріне қатысы бар компаниялар туралы еншілес компаниялар  туралы барлық ақпаратты осының өзі қаншалықты  дәрежеде бізде  айқын , ашық бағдар бар екені қаржылық есептілік туралы ашық айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы