352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық банк 200 млрд теңге зейнетақы активін екінші деңгейдегі банктерге береді

  • 103
Ұлттық банк 200 млрд теңге зейнетақы активін екінші деңгейдегі банктерге береді

Ұлттық банк 200 млрд теңгеге дейінгі зейнетақы активін екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау жөнінде бағдарлама әзірледі.

Банктерді несиелеу арқылы экономикаға қолдау көрсету көзделген. Зейнетақы активтерін инвестициялау бағалы қағаз шығарылымының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде Қазақстан қор биржасының сауда алаңында жүзеге асырылады. Ал бағдарламаға меншікті капитал мөлшері 60 млрд теңгеден асатын қаржы ұйымдары қатыса алады. Бүгінде ұсынылған жобаны қолдаған банктер бар.

Хабар 24 телеарнасы