359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде көше саудасын дамыту жұмысы қолға алынды

  • 101
Ақтөбеде көше саудасын дамыту жұмысы қолға алынды

«Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен қала билігі бірлесіп, көше саудасын дамытуды қолға алды.

Яғни қала бойынша 34 жер телімі бөлініп, арнайы орындар жабдықталады. Жалпы 2020 жылға дейін 250 жер учаскесін бөлу жоспарда бар. 7 жылға жалға берілетін сауда орындары халық көп шоғырланған аудандарда орналасады. Бұл жобаның тиімділігі жергілікті тауар өндірушілер ешқандай делдалсыз өнімді тікелей алып келеді. Көше павильондарында, негізінен, ауылшаруашылығы өнімдері сатылады. Жалға беру құнына тек әкімшілік шығындар кіреді. Қазір бөлінген учаскелерге павильон орнату жұмыстары басталды.

Азамат Медеубаев, «Ақтөбе» ӘКК басқарма жетекшісі:

- Екінші жағынан, әлеуетті тұтынушылар – Ақтөбе қаласының халқы салыстырмалы түрде өздерінің тұрғылықты жері бойынша сапалы өнімді жетімді бағаға сатып алуға мүмкіндік алады. Павильондардың сыртқы көрінісі де маңызды роль атқарады. Өйткені, коммерциялық нысанның конструкциясы қаланың сәулеттік көрнісіне сай келетін заманауи талаптарға сай болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы