352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде бидай бағасы өсуі мүмкін

  • 355

«Өткен жылы бидай бағасы 35 мың теңге көлемінде болса, биылдың өзінде үшінші санатты бидай 48-49 мың теңге көлемінде саудаланып жатыр», - деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрі.

Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда. Әсіресе Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыстың қызған шағы. Жамбыл облысы мен Түркістан өңірінде егін жинау жұмыстары аяқталған. Осы өңірлер бойынша орташа түсімділік гектарына 21 центнерді құрады. Сондай-ақ ведомство басшысы «былтыр болған олқылықтардың алдын алып жатырмыз» деп сендірді. Себебі өткен жылы бидай таситын вагондардың жетіспеушілігі байқалған. Сондықтан биыл мемлекеттік органдармен бірлесіп, логистика мәселелерін шешу жоспарланып отыр.

Өмірзақ Шүкеев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі:

- Арзандатылған жанар-жағармай бағасы нарық бағасынан төмен болғанымен, операторлардың қызметіне байланысты соңғы баға жоғары күйінде қалып отыр. Өңірлердің әкімдіктері өздерінің операторларымен бағаны төмендету турасында жұмыс жүргізуі қажет. Егін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 394 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Шілде айына бөлінген көлемді өңірлер негізінен толықтай алды. Тамыз айына арналған жанар-жағармай көлемі 110 мың тонна үшін ақы төленді. Алайда ресурс ұстаушылар тарапынан аталған көлемді тиеп, жөнелту мәселесі орын алып отыр.

Хабар 24 телеарнасы