359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Эксимбанк» пен Qazaq Banki-нің лицензиялары тоқтатылды

  • 239
«Эксимбанк» пен Qazaq Banki-нің лицензиялары тоқтатылды

Ұлттық банк «Эксимбанк» пен «Qazaq Banki» АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларынан айырды.

«ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен 2018 жылғы 29 мамырдан бастап «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензиясының қолданылуы 2018 жылғы 29 тамызға дейінгі мерзімге тоқтатылды», - делінген хабарламада. Лицензия жеке тұлғалардың жаңа депозиттерін тартуға және жаңа банк шоттарын ашуға тоқтатылғанымен, банктің қолданыстағы депозиттеріне және клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысты емес. 2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, банктің жеке тұлғалардан қабылдаған депозиттерінің көлемі 267 млн теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғаларының депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесінің жеке тұлғалар депозиттерінің жиынтық көлемінен 0,003% құрайды.

Сондай-ақ Ұлттық банк басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен 31 шілдеден биылғы 28 қыркүйекке дейін «Qazaq Banki» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатылады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл шешім төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді тиісінше орындалмауына, сондай-ақ үнемі нормативтер мен міндетті нормаларды, лимиттерді бұзғаны үшін қабылдады. «Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты әрекеттер бойынша тоқтатыла тұрады. Сонымен қатар осы шешім банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсету міндеттемелеріне қатысы жоқ», - деп нақтыланған ҰБ мәліметінде.

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктің жеке тұлғалардан қабылдаған депозиттерінің көлемі 22 млрд теңгені құрайды. Айта кетерлігі, еліміздегі жалпы банк жүйесі бойынша «Qazaq Banki» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттік портфель үлесі жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,3 пайызын құрайды. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банктің қаулысымен биылғы 28 сәуірден 27 шілдеге дейін Qazaq Banki-нің жеке тұлғаларға депозиттер мен шоттар ашуға лицензиясы тоқтатылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы