359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның бюджеті долларына 350 теңге болады деп есептелді

  • 160
Қазақстанның бюджеті долларына 350 теңге болады деп есептелді Informburo.kz

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкіметтің 2019 жылға арналған бюджетті қарастыру барысында ұлттық валютаның доллар

ға қатысты бағамы 350 теңге көлемінде болады деп есептегенін мәлімдеді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Айта кеткен жөн, алдағы үш жылда мұнай қоспасының құны барреліне 60 доллар болады деп айтылған болатын. «Сіздер білетін шығарсыздар, біздің индикатор құбылмалы. Дегенмен бізде барлығын қайта қарастырып шығу мүмкіндігі бар. Валюта бағамы жайлы айтатын болсақ, бағам еркін айналымда. Ал бюджетті жоспарлау барысында біз келесі жылы ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 350 теңге болады деп есептеп отырмыз», -деді министр.

2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жоспарлауға қатысты Үкімет отырысы жабық тәртіпте өтті. Бірақ кейінірек министр бюджетте айтарлықтай өзгерістер қарастырылмағанын айтты. KASE биржасының соңғы мәліметтеріне қарағанда, теңгенің долларға қатысты бағамы 361,22 теңгеге тең болды.

Хабар 24 телеарнасы