359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде қалдырды

  • 115
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде қалдырды

Қазақстандағы базалық мөлшерлеме өзгеріссіз 9% деңгейінде қалдырылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев журналистермен ұйымдастырылған брифингте мәлімдеді.

Бас банкирдің айтуынша, жыл соңына дейін инфляция көрсеткіші 5-7 пайыз аралығында сақталады. Сондай-ақ базалық мөлшерлеменің өзгеріссіз қалуына сыртқы факторлар да әсер еткен екен. Яғни базалық мөлшерлемені сол күйінде қалдыру дегеніміз жеке тұлғалар мен ірі компаниялар үшін депозиттер мен несие пайыздарының көрсеткіші сақталады деген ұғымды білдіреді. Сондай-ақ әлемдік экономика мен нарықтағы ахуал инфляциялық өсімге өз салқынын тигізген.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Өкінішке орай сыртқы тұрақсыз құбылмалы факторлар әсер етіп отырғаны рас. Бұл жағдай Ұлттық банкқа базалық ставканы төмендетуге мүмкіндік бермей отыр. Сол себепті қазіргі нарықтағы ахуал ірі компаниялар мен жалпы тұтынушылар үшін өзгеріссіз қалады. Яғни қазіргі несие, депозиттер бойынша орташа пайыздық көрсеткіш 12,4 пайыз деңгейінде қалады.

Хабар 24 телеарнасы