359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде инфляция көлемі артуы мүмкін

  • 195
Елімізде инфляция көлемі артуы мүмкін

Ресейге салынып жатқан санкциялардың кесірінен алдағы жылдары бізде инфляция көлемі артуы мүмкін.

Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Мәселен, тамыз айында төл ақшамыз 0,2 пайызға құнсызданған және бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары. Сондықтан Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Ресейге тәуелді нарықтарды анықтап, үнемі мониторинг жүргізуі керек. Тиісті түсіндірме жұмыстары да жүргізілуі қажет. Өйткені инфляцияның артуы айналып келгенде баға мен тарифтердің көтерілуіне тікелей түрткі болады.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

– 2019-2020 жылдары инфляция көлемі жоғары болуы мүмкін. Яғни белгіленген дәлізден асып түседі. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден Ресейге қарсы санкциялар күшейіп жатыр. Бұған қоса, теңгенің әлсіреуі, мұнай бағасының төмендеуі және әлеуметтік шығындардың артуы да айтарлықтай ықпал етеді.

Хабар 24 телеарнасы